Ертең біз де ескерткіш болып қалармыз
Бұл бетте «Ертең біз де ескерткіш болып қалармыз» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам өмірі — аялдаған бекет пе,
Бірі кетіп, бірі қалар жүректе.
Кездесулер кездейсоқтық болғанмен,
Ізі қалар кей адамның жүректе.
Кеше ғана көз көргендер көп еді,
Амандықты бөлісетін кез еді.
Бірі ерте, бірі кештеу аттанды,
Ізі қалды мына жалған бес күнде.
Жалған дүние зымырайды, зулайды,
Мәңгі ешкім бұл өмірде қалмайды.
Біріңді бірің бағалаңдар, уақыт барда,
Жылтырына жармаспай жалғанның.
Кеше ғана бірге жүрген жандар-ай,
Орындалмай қалды қанша арманы.
Көре алмай кетті талай қызықты,
Жақындарын қимай кетті талайы.
Көздің жасын кім тоқтатар төгілген,
Қимастықтың мұңы кетпес көңілден.
Бірі кетіп, бірі қалды сағынып,
Жүрек сыздап, үнсіз ғана мұң кешкен.
Жалған дүние зымырайды, зулайды,
Мәңгі ешкім бұл өмірде қалмайды.
Біріңді бірің бағалаңдар, уақыт барда,
Жылтырына жармаспай жалғанның.
Біздің де түсетін бір аялдама,
Бізге де кезек келер аяқ астында.
Бүгін біздер еске алған жандарды,
Ертең біз де ескерткіш болып қалармыз.
© Сабазбеков Медет
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі