Ұларлы таудың ұланы едік

Бұл бетте «Ұларлы таудың ұланы едік» атты Мейрамгүл Тоғжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұларлы таудың ұланы едік кеше біз,
Табысып ек сол арада екеуміз.
Жыр қуалап қанаттанып қиянға,
Самғағанда қуанған ед шешеміз.
Сол жарықтық алыстапты-ау қиянға,
Ізі жатыр сары жонда қиянда.
Мені ертіп ұларлы тауда жүретін,
Анашымды өлді деуге қиям ба.
Қарап келем анам мінген құла атқа,
Мені тосып тұрушы еді қыратта.
Сол анамның тұлғасына зар болып,
Өлең жазам боз далада жылап та.
Өтінемін,
Сен де мені анамдай боп жылатпа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері