Маралкөлге бара бер
Бұл бетте «Маралкөлге бара бер» атты Мейрамгүл Тоғжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағыныш бар санамда,
Жете алмай жүрмін саған да.
Ұшып бір кеттім көліңнен,
Оралмай қойдың содан ба?
Құмар ең таңғы шықтарға,
Қуана бірге шыққанда.
Мен берген жаным сондағы,
Қып-қызыл күлгін шыт бар ма?
Жалғыз бір келдім аралға,
Құмар ең мендей маралға.
Құшайын деп ем өзіңді,
Сен жоқсың бірақ аралда.
Куә ғой бізге марал бел,
Мені сен еске ала көр.
Сағынсаң жаным жиілеп,
Маралкөлге бара бер.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі