Адалдық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Адалдық» атты Сырбай Мәуленов жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4751
Жауынгер жазды жарына:
-Қор болып көзім сөнді деп.
Сен ортақ болма зарыма
Артпайын саған мен міндет.
Жүргенде ұстап ақ таяқ,
Күйзелер жаның қатты аяп
Азапқа сені салғанша,
Қалайын мұнда қайтпай-ақ.
Келіншек жазды жарына:
-Күнім деуші едің сен мені.
Сәуле шашып жолыңа
Болмайтын күннің жердегі.
Жабырқау тартпа жан сауда,
Айтқаның болсын сенің тек.
Бастайын қайда барсаң да
Таяғың болып жол сілтеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері