Ақынды түсiнерсiңдер,

Бұл бетте «Ақынды түсiнерсiңдер,» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақынды түсiнерсiңдер,
Гүл теру үшiн
Айға ұшса...
Қияли кiсi дерсiңдер,
Қалықтап жүрген байғұсқа.
Тұрса да ол заманақырда,
Жұлдызбен жаны тiлдесер,
Болғанша бодан ақылға,
Ақын боп азат күн кешер.
Қарсы сап желдiң өтiне
Құтыртып жүрген қандай күш?
Қонар ма жердiң бетiне
Қанаты сынбай ондай құс?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері