Сен менi iңкәр еттiң
Бұл бетте «Сен менi iңкәр еттiң» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен менi iңкәр еттiң,
ақ қанат гәккуiмдей,
мендегi сұңқар екпiн,
тынар ма аққу iлмей?
Күй толы iшектердей
көгiлдiр көкжиектен,
сусылдап құс өткендей,
тұсыңнан мен жиi өткем.
Көлiңнiң толқындарын,
көк дауыл шайқағанда,
сен менi, бәлкiм, жаным,
боларсың байқаған да.
Уiлдеп үпiлмәлiк,
Әнiңе ән қосқанда,
жүрегiң лүпiл қағып,
самғарсың сен де аспанға.
Алқынып қусам – қашып,
келе алмай жарасымға,
жүрер ек душарласып,
ақ бұлттың арасында.
Мен шырқар зеңгiрлерге
бiр шықсаң – қайтпас едiң,
төркiнiң – мөлдiр көлге
сәлем де айтпас едiң!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі