Ең жақын Нұрдаулет бауырыма
Бұл бетте «Ең жақын Нұрдаулет бауырыма» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ең жақын бауыр, сен жақын бауыр жаныма,
Қуанам сенің әр басқан қадам бағыңа.
Өлең оқыған дауысың сондай тартымды,
Жаныңа қуат, талмай жырласын жағың да.
Сенемін, бауыр, шығасың әлі шыңдарға,
Өнер жолында жасыма, досым, сындарға.
Қытыққа тиіп, қымсынтып сені жүрмесін,
Сындарға қарап, түскенде дұрыс шыңдала.
Қыран бол, бауыр, көктер көгіне ұмтылған,
Биік ұш, бірақ биік емессің ұлтыңнан.
Бес парызды өте, өз елің үшін еңбек қыл,
Жоғары ұста намыс пен арды құлқыннан.
Өзіңе арнап төрт шумақ жазды бауырың,
Мен — Қызылорда, сенікі — Шымкент ауылың.
Қаратау — әке, Сыр — ана, біздің шешеміз,
Өлгенше бауыр болып өтейік, бауырым!
Шығарылған күні: 11.03.2020
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі