Күтші жаным

Бұл бетте «Күтші жаным» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күтші, жаным

Күтші, жаным,
Мен саған қайтып келем.
Бұл жолы
Келер кезде айтып келем.
Қазір емес, қалқам-ау, ренжімеші,
Себебін келген кезде айтып берем!

Күтші, жаным,
Мен сені жақсы көрем.
Сен де мені,
Жан едің, жақсы көрген.
Сағынып мен отырмын сәресіде,
Бұйырса, мен өзіңе қайта келем!

Күтші, жаным,
Сен де мені сүйесің ғой.
Сүйгендіктен қызғанып, күйесің ғой.
Қыздарға көп қараймын,
Кешірерсің,
Ақын жанын, жаным-ау, білесің ғой.

Күтші, жаным,
Мен саған қайтып келем.
Түнде мейлі, күндіз де,
Сен қаласаң,
Жүрегіммен жыр жазып, айтып берем.

Күтші, жаным,
Сағынып мына жүрек
Сыздап жанды.
Алла бізді жұп қылып жазған болса,
Бұйырса, мен өзіңе қайтып келем!

Жазылған күні: 02.06.2018 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер