Өмірлік екінші жартым Айданаға

Бұл бетте «Өмірлік екінші жартым Айданаға» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ханзададан қойған мені жоғары,
Маған ханша, сізге келін болады.
Бір сұлуды алып келем мен ана,
Қайын жұрттың болған ерке қонағы.

Сыйла деген әкесі бар енені,
Сүтпен шайын қаймағымен береді.
Анасынан тәлім-тәрбие көрген қыз
Асхананы қатты жақсы көреді.

Қарайтындай өзге жандар қызығып,
Сәлем салып тұрады ол сызылып.
Қол ұзартып, тағамыңды жасайды,
Сізге тәтті, маған сәл-сәл тұзды қып.

Қанша жігіт ерген білем артынан,
Күткен екен келеді деп нар тұлғам.
Текті елге келін болып келген қыз —
Мен боламын ақ боз атты ханзадаң.

Бел буған соң, сөздің соңы — неке деп,
Үй болайық, үйленгендер өте көп.
Ата-анаға қызмет бірге жасайық,
Қазақ санын көбейтейік екеулеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер