Досым

Бұл бетте «Досым» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған достық туралы өлең берілген.

Досым,

Үйленіп алшы, жүргенше босқа шашылып,
Жүретін жанмен абыройыңды асырып.
Бақытты жанды казинолардан таппайсың,
Жүрген жандар ол үйіне қарай асығып.

Досым,

Дайын тұрады ішетін асың, киімің,
Гүлі боласың ағайын-туыс жиынның.
Памперс алуға ақшаңды санап жүргенде,
Қадірін біліп қолдағы соңғы тиынның.

Немере сыйлап әкешіңменен анаңа,
Әке болудан артық бақ бар ма балаға?
Көшеде жүрген күндеріңменен түндерің
Әке-шешеңнің алдында, досым, садаға.

Досым,

«Жарты адам» дейді ғой бойдақ адам,
Мен де сендей үйленем деп ойламағам.
Бүтін адам болуды көздегесін,
Үйленіп кеттім жерден ойламаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер