Ұлы шекарашыларға арнау

Бұл бетте «Ұлы шекарашыларға арнау» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біз сарбазбыз, қорғап жүрген Отанды,
Отан десе, жас жүрегім от алды.
Бар өмірін арнап жүрген жандар бар,
Қорғау үшін қару алып Отанды.

Біз сарбазбыз — тәуелсіздік жаршысы,
Асығының түскен заман алшысы.
Құтты болсын, шекарашы сарбаздар,
Шекарашы мырзалардың мейрамы!

Байрағында бейнеленген қыраны,
Күзетеміз біз Отанды қырағы.
Ел күзету, жер күзету ісінде
Ең бірінші шекарашы тұрады.

Батырлардың мұрагері біз деген,
Жүріп келем солар салған ізбенен.
Ұлы дала қорғанына айналған
Біз боламыз шекарашың іздеген.

Тыныштығын күзеткендер халқының,
Бөгет болмас ыстық, суық салқының.
Қару алған тыныш мынау заманда —
Ұлы дала шекарашы батырың!

Жазылған күні: 16.08.2019 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер