«А» деген қызға
Бұл бетте ««А» деген қызға» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырт жүрсем де, сүйемін сол аруды,
Содан көрем бейнеммен өз арымды.
Көрсеткім де келмейді еш пендеге,
Жүрегімнің жартысы сол аруда.
Солғын тартып тұрғандай жаздың өзі,
Жұбатады жүректі күлкен көзі.
Күз ертерек келеді Алматыға,
Аңсаймын ауылда айтқан жылы сөзді.
Сүйемін, сүйгеніме шек жоқ менің,
Қызғанам күзгі арманым — өзің ғана.
Иісі аңқыған жұпар гүл ерніңнен,
Сүйгізші, бал шекерім, маған ғана.
Сүйемін, сүйгеннен соң қызғанамын,
Қызғаныштан мұзға аунап, тұз жаладым.
Сағынғанда жүрегім тебіреніп,
Күліп тұрып жылайды қос жанарым.
Шықпа деймін кеш батып қарайғанда,
Басасың шығу үшін бар айлаңа.
Ібілістер кешқұрым серуендейді,
Құрыққа түсіп қалма, абайла да.
Ойлайтын адамың бар — бақыттысың,
Келерсің өзің де бір байламға.
Сүйер деп тырысып та басып көрдім,
Иманмен нәр бергім кеп бар айлама.
Сүйерсің, жаным, сен де бір жігітті,
Сыйлап жүрген жанбысың құр үмітті?
Сүймесең де, мен сені сүйе берем,
Көрсетіп сабыры бар ер жігітті!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі