Қызыл iңiр. Қызғалдақ

Бұл бетте «Қызыл iңiр. Қызғалдақ» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызыл iңiр. Қызғылт қыр.
Қыжым аспан. Қызыл жел.
Қызыл көйлек қыз бала,
Қызылбауыр бұлттарға,
Қыр басында қызынып,
Қолын бұлғап қарап тұр.
Қызыл iңiр. Қызғылт қыр,
Қыжым аспан. Қызыл жел.
Жел өтiнде желбiреп,
Қырда тұрған қыз бала
Жердiң – Көкке ұсынған
Қызғалдағы секiлдi!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері