Кім өшірер

Бұл бетте «Кім өшірер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өшiрiп жатыр суретшi
қағазға түскен кескiннiң
көңiлге кемiс көрiнген
керексiз, құнсыз тұстарын.
Өшiрiп жатыр бет-жүзiн
күлгенi үшiн өтiрiк,
өшiрiп жатыр көздерiн
қарағаны үшiн қастықпен.
Өшiрiп жатыр құлағын
қаңқуға қайымдығы үшiн,
өшiрiп жатыр ерiнiн
өсекке бейiмдiгi үшiн.
Өмiрде дағы аз ба екен
өзегi өлi мүскiндер,
сүтпенен сiңген сұм ниет
сүтпенен сүртсең кетер ме?
Солардың суық қолынан
жаныңа түскен жараны
арыңа түскен дақтарды
құдірет бар ма өшiрер?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері