Жасасын біздің арулар
Бұл бетте «Жасасын біздің арулар» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалады кейде қырсығып,
Жүреді біраз жұлқынып.
Тыным таппай, тынбайды,
Төңкеріп үйді тастайды.
Жасасын біздің арулар,
Арулар — біздің қарулар.
Мінезі сондай қырсықты,
Жүректі алған сұлулар.
Сәнденсе айна алдында,
Тұрады-ау ұзақ таңданып.
«Барамын» десе жиналып,
Сағаттап жүрер қамданып.
Көктемнің гүліндей жайнаған,
Таңғы самалдай сайраған.
Күн болып нұрын төгеді,
Жүрекке жылу сыйлаған.
© Сабазбеков Медет
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі