Ақ бесігім

Бұл бетте «Ақ бесігім» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әуел бастан,
Құшақ ашқан
Әнге бөлеп санамды,
Ақ бесігім,
Бақ бесігім,
Шексіз сүйем даламды.
Жайған өркен
Жайпап өлкем,
Жырдан шашу шашады.
Бұлбұл сайрап,
Алтын аймақ,
Сазын әнге қосады.
Туған жерім,
Туған елім
Еркелетіп өсірді.
Бойға көрік,
Ақыл беріп,
Қатемді де кешірді.
Тауға биік
Басымды иіп,
Тұрсам үлкен мәртебе,
Жері сымбат,
Маған қымбат,
Өлкемдегі өр төбе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері