Күн жауабы
Бұл бетте «Күн жауабы» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— О, алтын күн, көктегі,
Арманың болар көп тегі?
— Ең әуелгі арманым,
Өртенбей еш орманым,
Құты қашып елімнің,
Солмаса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек,
Адамдар жүрсін күлімдеп, —
Деп төгемін нұрымды,
Осынау шындық сырымды,
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын,
Несіне айтам о жайын.
Бұзбай өмір қаймағын,
Жайнасын өңір, аймағым.
— Кейде жерді қалап ап,
Қарайсың ба алалап?
— Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі