Сұрақ пен жауап

Бұл бетте «Сұрақ пен жауап» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

— Таулар неге тым биік?
— Өскен шығар күн сүйіп.
— Күн қалайша шуақты?
— Жылу бар онда қуатты.
— Баулар неге жемісті?
— Ырыс-құт қой жер үсті.
— Жер беті неге көрікті?
— Табиғат сыйға беріпті.
— Аспан неге көгілдір?
— Шөп бояуын төгіп тұр.
— Ауа неге жұпардай?
— Тіршілік нәрі ол жұтар жай.
— Бұлақ неге тынбайды?
— Бөлемек гүлге құм, жайды.
— Өзен ағар қай жаққа?
— Шөлдеген дала, аймаққа.
Жайнасын дала гүл өсіп,
Бұлақтар ақсын күңде өстіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері