Күз келді

Бұл бетте «Күз келді» атты Әли Ысқабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Күз келді, міне, күз келді,
Дала тарғыл түске енді.
Жапырақтар саудырап,
Жаппай жерге түсті енді.
Сары алтынға малынған,
Жезден шапан жамылған,
Дала жатыр дамылдап,
Мол өнімі алынған.
Құс базары тарады,
Бізден кетіп барады.
"Көріскенше қош бол", - деп,
Қанаттарын қағады.
Керуен көшіп сәнді етіп,
Ұшады олар әндетіп.
Жонды жатыр күмістеп,
Аппақ қырау оңды етіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері