Наманганға келемін
Бұл бетте «Наманганға келемін» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дариялардың ағысымен,
Көк иірім бау ішімен.
Кернейлердің даусымен,
Намангаға келемін.
Орта Азия гүліменен,
Оттай ыстық күніменен.
Жүрегімде туып өлең,
Намангаға келемін.
Құшақтап қызыл тандыр нанды,
Жұтып жұпар жаңбырларды,
Жанның шөлін қандырғалы,
Намангаға келемін.
Өзбектердің тұз-дәмімен,
Бірге жанып күз бағымен,
Бірге билеп қыздарымен,
Намангаға келемін.
Қарай-қарай алға асыға,
Қолды созып алмасына,
Ән боп соған жалғасуға,
Намаганға келемін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі