Аманжолмын

Бұл бетте «Аманжолмын» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жыр дастаным сақталар мұрағатта,
Көшіріп ал, бауырым, ұнап жатса.
Мұқағали емеспін – Аманжолмын,
Сенетін ақын ұлы ғаламатқа.

Жырларым мағыналы, көлемді де,
Тамсанған жандар да бар өнеріме.
Төреғали секілді жарып жатсам,
Әнші боп кетемін бе, көремін де.

Талайды тамсандырам өнеріммен,
Туындым туып жатқан жүрегімнен.
Соғып жатқан жүрегім тоқтаса да,
Өнерім өлген күні өлемін мен!

Шығарылған күні: 16.07.2019 жыл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер