Қабірстан – Түркістан
Бұл бетте «Қабірстан – Түркістан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкке Тәңір иелі,
Жерде – қабір киелі.
Қабірде ме, қапта ма
Хан Абылай сүйегі?
Кімдер кетіп... Кім қалмақ?
Кімдер мәңгі құл болмақ?
Қапқа түскен сүйектер
Қай базарда пұлданбақ?
Қас батырды жауда көр!
Бас хакімді дауда көр!
Тағы кімді сүйремек
Сүйек сатқан саудагер?
Жұрт оңа ма жұлқысқан,
Өзді-өзімен қырқысқан?
Көз тірімде іргемді
Кеулеп жатыр бір тышқан...
Тас құлыпты ашқан кім?
Хан сүйегін шашқан кім?
Асқан менен тасқан кім?
Неге сонша мастандым?
Ел ұйқыдан тұрмай ма?!
Ес жиятын күн қайда?
Құдай бiздi бiр күнi
Тас төбеден ұрмай ма?
Рухыңды үрке ұшқан
Қақпайлаймын бiр тұстан.
Халiң сенiң не болар,
Қабiрстан – Түркiстан?..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі