Көш, керуенiм, көш алға!

Бұл бетте «Көш, керуенiм, көш алға!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көш, керуенiм, көш алға!
Үре берсiн ит деген.
Қапы қалмас қашанда
Қара басын күйттеген.
Қара бастың қамы үшiн
Қан жаудырып қағазға,
Ар, ұятын, намысын
Сататұғын жан аз ба?!
Кiм бар дейсiң Хақтан ақ,
Сақта дәйiм сайқалдан!
Айтылған сөз – атқан оқ!
Айтқанымнан қайта алман!
Көш, керуенiм, көш алға!
Ит пен битке жаным қас.
...Жаяулының қашан да
Жан серiгi табылмас.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері