Бұл бетте «Роза бағланова» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үстінде сары пальто,
Сары тысты дәптері де.
Қызылорда институтының
Бір сары қыз отыратын
Қадалып қақ төрінде.
Кім білсін үш алды ма?
Емтихан кездерінде,
Кім білсін түсе алды ма,
Жігіттер көздеріне.
Ортада – ойшыл өлең,
Басталды той торқалы.
Сахнада мен – «қойшы Көбен»
Роза – «Сарқырама»
Роза Бағланова!
Сайрады сахнада,
Роза Бағланова!
Аңсаған арман етіп,
Жеттің сен өз күніңе
Қызылорда институтына
Соғып тұр.
Соғып тұр сен,
Балалық мезгіліңе.
Срнда сен жолығасың
Балалық өз үніңе!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі