Ақын
Бұл бетте «Ақын» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген.
Аттың басын тіреп егер
Ап кетпесе Аполлон..,
Ұрттап қойып жүре берер
Өмір деген заһарды ол.
Қасиетті Лираның да
Селт етпейді жүрегі.
Бейкүнә, ең бейбағың да
Сол шығар, кім біледі...
Ал зәуіде Тәңір тұстан
Әмір жетсе құлағына,
Жасын шайнап, жалын құсқан
Таудың ұқсар қыранына!
Көңілімен ақ шағала
Жерден нәсіп терген емес.
Патшаға да, басқаға да
Басын иіп көрген емес!
Айдай өбек, Күндей бәйек
Місе тұтпай айналасын,
Әлі күнге білмей әлек
Ап қашарға қайда басын...
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі