Көңіл өсіп... өліп-өшіп
Бұл бетте «Көңіл өсіп... өліп-өшіп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңіл өсіп... өліп-өшіп
Саған қарай бергеніммен,
Қылдай нәзік құлын мүшең
Құшағыма енгенімен,
Қуқылданып түсің қардай,
Қымсынғандай, қысылғандай
Артынша аздап тартыншақтап,
Салқын сабыр салтын сақтап,
Жымиысың жұмбақтанып,
Одан сайын сымбаттанып,
Ішке бүгіп әлденені,
Жабырқатып жан-денені,
Қамсыз, жансыз қалыппенен
Назарыңды салып төмен,
Тыңдағансып отырасың,
Тылсымыңа батырасың...
Білем, сезем неге екенін,
Тасқанын да мейманамның,
Қашқанын да берекемнің.
Мойынына күнә мінген
Безсем етті бұла күннен!
Қара түнге малып алған
Сол күндердің бәрі жалған!
Қарғыс атсын бәрін, бәрін:
Қара таппай қағынғаным,
Ұғып болмай ғұмыр мәнін
Ұрғашыға ұрынғаным.
Татқанымша шырын дәмін
Қыз алдында құбылғаным.
...Несіне енді шырылдайсың,
Шықпай кеткір шыбын жаным?..
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі