Сұлулардың сұңғақтысы екенсің
Бұл бетте «Сұлулардың сұңғақтысы екенсің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұлулардың сұңғақтысы екенсің,
Көңіліңді көздеріңнен оқыдым.
Жұмағымның жұмбақ құсы екенсің,
Алтын жіптен арнап себет тоқыдым.
Таң атқаннан сыбырласып гүл гүлмен,
Күн батқанша сені ғана мақтады.
Мұндай сұлу екеніңді кім білген?! –
Бұлбұлдың да тамылжыды тәтті әні.
Көзіңдегі мәймілдеген мың бір мұң
Өлеңімнің өзегіне айналса...
Сенсіз мынау құрдымға еніп құрғыр күн
Қуанар ем, құла дүзге жайланса...
Гүл егіп ем сенің келер жолыңа,
Тал бойыңды талдап үзіп идің бе?
Тағдырымды тапсырып ем қолыңа,
Шыныңды айтшы, сүймедің бе, сүйдің бе?
Саған бола қанша-қанша солды гүл,
Сыбызғы саз, айтар сыры іште өліп...
Менің-дағы көз – көземе толды мұң,
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі