Адал бала

Бұл бетте «Адал бала» атты Исраил Сапарбай жазған бала туралы өлең берілген.

Келе жатыр еді жолда жас ұлан,
Екі кісі жанай берді қасынан.
Деді бірі: «Айтар болсаң өтірік,
Ақша берем қос қалтаңа толтырып».
Деді бала: «Емеспін мен кембағал,
Аға, байқап сөз сөйлеген жөн болар.
Кім сенеді жалған сөйлеп тұрғанға,
Айтыңызшы, өтірікте құн бар ма?
Өтірікті салып жүрген саудаға,
Өзіңізді жын ұрғаннан сау ма, аға?..
Жалған сөзге жалаң сөзді қосыңыз,
Жетпей жатса, қарыз берсін досыңыз...»


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері