Аспан үзіліп түсті

Бұл бетте «Аспан үзіліп түсті» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспан үзіліп түсті...
Тағдырымды тілдедім.
Кірпігіме ілгенім
Жас па, аспан ба, білмедім.
Аспан дегенім шыны екен,
Аяғы, басы кәні?
Үзіліп түскені шын екен –
Жан-жаққа шашырады.
...Сүйіктім, жарамадың
Тым құрса «қош» деуге де.
Қалайша қамаламын
Қараңғы бос кеудеңе?
Елесің жырақтанды..,
Ерке едің бұла жастан.
Жұлдыздар жылап қалды,
Үстіме құлап аспан...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері