Саған ғана сиындым мен
Бұл бетте «Саған ғана сиындым мен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саған ғана сиындым мен.
Махаббаттың Тәңірісі.
Қияметтен қиын білем,
Басқа түскен тағдыр ісі.
Шын ба, әзіл ме, неге ойнадың?
Әлі күнге таңғаламын.
Нені білдің?
Нені ойладың?
Әлде... бар ма таңдағаның?
Көзіме оттай басылмайды,
Келсін көктем бүгін, мейлі.
Бір солған гүл ашылмайды.
Бір өлген жан тірілмейді..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі