Гүл алқап
Бұл бетте «Гүл алқап» атты Әділет Айданбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күннің көзі, нұр-шуағы төгіліп тұр,
Самал желдің еседі әсем лебі.
Дәл алдымда ару қыздай сызылып тұр,
Гүл алқаптың би билеген гүлдері.
Қарашы деп менмұңдалап гүл алқап тұр,
Сырлы биі еліктірді көңілімді.
Білмеймін алда мені не күтіп тұр,
Басталғанда симфониясы балеттегі.
Нәзік гүлі жайқала өскен гүл алқап,
Балеттегі симфонияның көшін бастап,
Самал жел әлдилеген нұр гүлдерің,
Би билейді торғайдың әнін қостап.
Жасырған сырың бар ма еді, о гүл алқап,
Бәз қалпыңда тұршы мәңгі, кең өмірді аялап!
Саябақты қоршай өскен қыр гүлдері,
Саған жетпес, саған жетпес, сырлы сұлу гүл алқап.
Авторы: Айданбек Әділет
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі