Өлең өзі өмірге тең!

Бұл бетте «Өлең өзі өмірге тең!» атты Әділет Айданбек жазған поэзия туралы өлең берілген.

Бәрінің жанқұмары поэзия, өлең
Қандай болса бәрбір бәрі өлең
Ақындықтың ең бір биік шыңына
Жетеміз деп зорықты небір "Ерлер"
Өлең деген ұйқас емес сазды келген
Өлең деген сөз де емес сырты көркем
Тіркес емес, буын да, бунақ та емес
Ол бір сыры ашылмаған дара әлем
Өлеңге шын ғашықпын десеңіз
Құдіреті өнердің деп білсеңіз
Жүректегі жалындаған от болмаса...
Бәрі жалған, жазылғанмен "Әсем өлең"
Шыңдап келсек, өлең өзі өмірге тең!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер