Қарасай – Қази

Бұл бетте «Қарасай – Қази» атты Нұрпейіс Байғанин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалмақтың ханы Қабартиын мен Нұрадынның əкесі бөле болды екен. Нұрадыннан хан Мұса туады. Мұсаның бəйбішесінен
Мамай, Орақ туады, тоқалынан отыз ұл туады, Мамайдан бала болмайды, Орақтан Қарасай мен Қази туады. Қабартиынның балалары Палуан сұлтан, Батыр хан дегендер болады. Палуан сұлтан мен Батыр хан Орақ пен Мамайдың тұсындағы хандар еді.

Бір күні Мамай ауырады, ауырып жатып ел қайғысын ойлады. Көп ұзамай осы ауруынан жазылады. Жазылған соң, елінің биі мен бегін, уəзірін шақырып алып, Мамай өсиет айтады.
– Жиылып келген елдерім,
Ел ішінде ерлерім,
Билер менен бектерім,
Палуан сұлтан, Батыр хан
Ішінде жүрген кек еді.
Ойлағаны көп еді.
Бір күні көзім жұмылса,
Сендерге қысым береді.
«Еділ, Шаған суларды,
Қалың жыныс, нуларды
Қоныс қып алсам» дер еді.
Көзім тірі шағында
Сендерге ақыл салайын,
Мақұл көрсең барлығың,
Хан қалмақты алдайын,
Кезі келсе, дұшпанның
Қанын ұрттап, жалмайын.
Еділ, Сақмар суларым,
Жыныс ағаш, нуларым,
Елек пен Қобда, Ойылым
Қалмаққа кетіп қалмасын.
Мұным қалай, Сыпыра?
Сізге ақыл салайын.
Сыпыра:
– Халықтың қамын ойламай,
Ғаділ сұлтан бола ма,
Пайдасын айтпай халықтың,
Хан адамдар оңа ма?
Ханым, айтқан бұл сөзің
Келеді тура жобаға.
Ғаділ ханым – Мамай – сен
Халықтың қамын ойлаған.
Сөйледі сонда Мамай хан:
– Алты жолдас ал, – деді, –
Палуан сұлтан, Батыр хан –
Падишаға бар, – деді. –
Іште болсын кек деген,
«Дос болам» деп, амалмен
Өзіңе тартып ал, – деді. –
Арғы жағым бөле еді,
Өмірлік тату болуға.
Ал, жеті елші барыңдар,
Менің айтқан сөзімді
Ойыңа тоқып алыңдар.
Алыс емес, қалмақтың
Жақын екен арасы.
Бес күн сапар жол шегіп,
Сыпыра келді қалмаққа.
Екі ханды дос қылып
Сыпыра дана ақылгөй,
Абыройды өзі алмаққа.
Сыпыра қартың жырлайды,
Жырламай қарт тұрмайды.
Көңілі дана қарт еді,
Айтса, жырға ыңғайлы:
– Халықта дана хан едің,
Қайыспас қара нар едің,
Асырмас биік тау едің,
Сыртқа зəрді шығармай,
Бізбенен іштен жау едің.
Мамайменен екеуің
Халықты тату бағуға,
Ішке пікір сақтамай,
Адал досты болыңдар.
Жамандықтан, хандарым,
Бір-біріңді қорыңдар.
Палуан сұлтан, Батыр хан –
Ақыл, ойлы артық жан,
Ел бастығы, ер еді,
Əрі батыр, əрі паң.
– Ей, Сыпыра, Сыпыра!
Сөзіңді байқап, аңдаймын.
Айлалы Мамай сөзіне
Өлгенімше нанбаймын.
Мамайдың менен кем емес
Жиған əскер, құралы.
«Дос болам» деп ханыңыз
Қандай шартқа тұрады?
Шын дос болса менімен,
Байлау болсын ортада
Мұсылманның Құраны.
Осы сертке тұралық
Əскермен келсін хан Мамай.
Əскерменен, сəнменен
Біз де алдынан шығалық.
Адал ниет көңілмен
Шын достықта тұралық.
Екі патша сап түзеп,
Əңгіме дүкен құралық.
Палуан сұлтан ханменен
Қатты уəде байлады.
Уəде етіп ханменен,
Елге қайтып Сыпыра,
Берік сөзін сайлайды.
Хан Мамайға келеді,
Көргенінің баршасын
Баяндап айтып береді.
– Е, хан Мамай, хан Мамай!
Палуан сұлтан батырдың
Бір сөзінің мерті бар.
Ханның айтқан сөзінде
Жанған оттай өрті бар.
«Құран алып, құшақтасып,
Анттасу», – деген серті бар.
Сол сертке көнесің,
Құранмен ант бересің.
Сонда Мамай ойлайды,
Ойламасқа болмайды.
– Қараға ант берген жан
Əуелден де оңбайды.
Ақылгөйім, жолдастар,
Ой ойлайтын жер болды.
Халқым, ойға салайық.
Құранмен ант бермесек,
Палуан сұлтан сенбейді.
Палуан сұлтан залымға
Дəлелмен ант берейін.
Бір болат біз аламын,
Жеңіме тығып барамын
Анттасар уақытта
Жең ішіне біз тығып,
«Біз алдасақ, бізді ұрсын!
Сіз алдасаң, сізді ұрсын!»
Құранмен бізді қағамын.
«Бізді ұрсын!» деп Құранмен
Көкірекке ұрайын.
Бүктеме семсер, ақ алмас
Жең ішіне тығайын.
Құшақтасқан шағында
Жүрегінен жарайын.

Бір қатары сөйлейді:
– Не десең де, хан Мамай,
Сөзіңді қабыл аламыз.
Халық бастаған хан едің,
Білімге артық данамыз.
Билік, Мамай, өзіңде,
Ақылмен ойлап қараңыз!
– Өлтіруге сол ханды
Көкірегім ынтызар.
Бұрын өлсем залымнан,
Ноғай, Қазақ халқымнан
Қарсы оған кім шығар?
Қаста жолдас, нөкермен
Салтанатпен келеді.
Уəдесі ханменен
Ортадағы көл еді.
Қалың ағаш, ну жыныс,
Бір жағы құба бел еді,
Уəде еткен жеріне
Екі жасақ келеді.
Палуан сұлтан, Батыр хан
Көрнекті оба басына
Еш нəрседен қаперсіз
Қарусыз барып шығады.
«Досым Мамай, қайдасың?
Кел бері» деп тұрады.
Дулыға, бөрік басында,
Хан Мамай шығады.
Көрген адам таң қалып,
Қызыққа қарап тұрады.
Бірін-бірі «досым» деп,
Екеуі құшақ жаяды.
Жең ішінде ақ алмас,
Көк сауытын көтеріп,
Қалмақты Мамай жарады.
Құлаған соң Батыр хан,
Соғысқа бастар басшы жоқ,
Жылап-сықтап қалмақтар,
Шарасыз қайтып барады.
Өлтірген соң патшаны,
Мамайдың көңілі өсіпті,
Жең ішінде болат біз
Жадынан шығып кетіпті.
Ордасына келеді,
Жиылған халық көп еді.
Жең ішінде болат біз
Жеңін шешкен шағында
Шынтағына кіреді.
Аққан қанды сорғалап
Елемеді хан Мамай.
Ақырыңда сол бізден
Ажалдың болған себебі.

Аурудың беті жаман болған соң өлеріне көзі жеткен Мамай елімен арыздасып былай дейді:

«Қайран жұртым сен едің,
Халыққа басшы мен едім.
Қанаттыға қақтырмай,
Тұмсықтыға шұқытпай,
Қорғап бақсам деп едім.
Қараға ант бергенім:
Сенің қамың жеп едім.
Ат жалын тартып мінген соң
Халқымның ары үшін,
Бермеске жауға намысын
Тұлпар мініп, ту алдым,
Тас кесетін ақ алмас
Талай қанға суардым,
Арқарлықтың алты жау,
Айқай салып, мұны алдым.
Қазақ, Ноғай елі үшін
Қысқарттым жаудың өрісін.
Шапса қолы жетпеген,
Басына қонған бағы артық.
Қайрат, күші тағы артық,
Құрал-сайман, сəні артық
Қалмақтың басы Қараман,
Қан жаудырып, мұны алдым.
Туып-өскен жер үшін,
Қазақ, Ноғай елі үшін.
Жауды көрсе, қайтпаған.
Үш қырлы найза саптаған.
Ертістің ханы – ер Шабан
Еңіретіп мұны алдым.
Құралмен іздеп барғанмын,
Он төрт күн ойран салғанмын,
Он бес күнде алғанмын.
Жау табылса, қуандым.
Үрімнің басы – Ертіс хан,
Үн салдырып мұны алдым.
Сансыз халық елі бар,
Жан бармайтын жері бар,
Мұсылманмен қашаннан
Атасының кегі бар,
Біздің байтақ халықты,
«Шабамын», – дейтін сөзі бар,
Хабарына қанған соң,
Бұйырдым би мен бегіме,
Есепсіз ауыр қол болып,
Есебі жоқ мол болып,
Аттандым Қытай еліне.
Алдырмайтын жау екен,
Жері де биік тау екен,
Қытайдың ханын қан етіп,
Қырғын салып, мұны алдым.
Қыс болмайтын жері бар,
Берік жатқан елі бар,
Алдырмайтын алысса
Талай мықты ері бар,
Еліне жау келмеген,
Жауласқан жауы жеңбеген,
Екі талай жер болса,
Қайтпай, қылыш сермеген,
Бұрын-соңды еш жаудан
Қорлық-зорлық көрмеген,
Қызылбаста Қырым хан,
Қырғын салып, мұны алдым.
Шүршіттің басы – Шүмен хан,
Түн жаудырып, мұны алдым.
Сен ырза болсаң, мен ырза,
Жауға айдасам, тіл алдың,
Қырқарлықтың қырық жұрты,
Қырғын салып мұны алдым.
Халқымыз айтқан өсиет:
Ынтымақпенен жүріңдер,
Азаматым, қорған бол
Байтақ халық еліңе.
Ынтымақты болсаңдар,
Кіре алмас дұшпан шегіңе.
Мен өлген соң, бұл дұшпан
Ескі кекті еске алар.
Палуан сұлтан батырдың
Төгілген қаны жоқталар.
Орақтан қалған қос жетім
Жетіспеген жас еді,
Қабартиын тұқымы
Жеті атадан қас еді», –
Деп қоштасып халқымен,
Дүниеден Мамай өтеді.
Орақ, Мамай өткен соң,
«Хансыз халық оңбас» деп.
Сыпырадай кəрі бар,
Кешегі өткен Мамайдың


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері