Бұл бетте «Өкініш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2976
Естіген жоқпыз сөзін де,
Онымен бірге жүрмедік.
Дариға-ай, тірі кезінде
Қалмадық жүзін бір көріп.
Омырауға оқ тізіп,
Бұзбадық патша қамалын.
Тұрмадық оған жеткізіп,
Алыстан майдан хабарын.
Болмадық бірге Горкада
Тепедік бірге сырғанақ.
Шығарып алып ортаға
Шаттанбадық гүл қадап.
Көктегі жанған жалғыз күн,
Сөнбейтін мәнгі оты Ильич.
Көре алмай қалдың ақ жүзін
Тек бізге осы өкініш.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі