Екі жүз тоқсан үш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Екі жүз тоқсан үш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2558
Екі жүз тоқсан үш
Тарихтан таңдап алған орын жайлы,
Екі жүз тоқсан үш
Паравозға неге аттар қойылмайды?!
Цифрлар тұр
Аңыз боп ой-армандай,
Күн суретшінің қолымен боялғандай.
Паравоздың ай сүйіп маңдайынан,
Өткен жолдың қатерлі қандайынан,
Паравоздың жалыны аспанды алып,
Шұғыласынан жалаудай таң жайылған.
Екі жүз тоқсан үш
Финляндия вокзлында тұр қазір демін алып,
Петроградқа келген ол Ленинді алып.
Дүниені тартқан ол елеңдетіп,
Күткен оны планета медеу етіп,
Октябрь ғасырының кочегары
Революция отын жандырған жеделдетіп.
Ойы балқып сол оттың жалынында,
Жүзі ұқсаған жаңа таң жарығына,
Революция отын жандырған жеделдетіп.
Ойы балқып сол оттың жалынында,
Жүзі ұқсаған жаңа таң жарығына,
Революция ырғағы шамырқанған
Қуатты локомотив адымында.
Екі жүз тоқсан үш
Жаңада ұқтым,
Болды-ау, сірә басқадан бойың биік,
Әйтпесе лениндей даналықтың
Кетпес еді кең байтақ ойы сыйып.
Екі жүз тоқсан үш
Менің ұғымыша
Жүрегің соғудан бір тынбағандай,
Сен бу атып бұрынғыша,
Дөңгелегің дүрсілдеп зырлағандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі жүз тоқсан үш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Екі жүз тоқсан үш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі жүз тоқсан үш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі жүз тоқсан үш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері