Жұлын көк

Бұл бетте «Жұлын көк» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3078
Толқынды сұлу жалы бар,
Желден жүйрік жұлын көк
Жайылып жүр жануар,
Көк шалғынды жұлып жеп.
Кекілін өрген айырып,
Мүшесі сұлу киіктен.
Қос құлағын қайырып,
Секіретіндей биіктен.
Сарыарқаны сайранда,
Жайыла бер, жұлын көк.
Тачанкада майданда,
Сендей өрен құлын көп.
1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлын көк өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жұлын көк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлын көк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлын көк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері