Өкінішті
Бұл бетте «Өкінішті» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Мұқағалиша толғанғанда)
Өкінішті. Оһ, қандай өкінішті,
Нарық салған сойқанның беті күшті.
Кіріптар боп қажыған қайран жүрек,
Бұлқынады бұза алмай бекіністі.
Өкінішті. Оһ, қандай өкінішті,
Жердің асты, сатылды жердің үсті.
Бар қазақты лақтырып күресінге,
Несібесін аз қазақ кешіп ішті.
Өкінішті. Оһ, қандай өкінішті,
Ен байлығы елімнің тегін ұшты.
Ұсақталған ұрпағы Атилланың,
Әруақ аттап, бастады кесір істі.
Өкінішті. Оһ, қандай өкінішті,
Өркениет қолдаса шегіністі?
Алмағайып кезеңде қайран жүрек,
Бұлқынады бұзардай бекіністі.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі