Жетім бұлақ
Бұл бетте «Жетім бұлақ» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алатаудың құрсағын жарып шыққан сыр бұлақ,
Қасқасуға еркелеп құйылыпты сылдырап.
Тас емшегі исінген Қақпатастан тамшылап,
Тасты тесіп Тоғысқа тамып тұрды бір бұлақ.
Қос өзеннің арнасы Бадамға кеп тоғысқан,
Сағынысқан қос бұлақ ұзақ ағып табысқан.
Тау самалы тербеген жасыл құрақ уілдеп,
Құлын – тайлар ойнақтап жағасында жарысқан.
Көптеу көріп қу тағдыр қуаныштың жалғасын,
Екі бөлді қайтадан, екі өзеннің арнасын.
Екі сырлас бұлақтың суын қоспай тас тоған,
Алып ұшқан сезімді зіл боп басты қорғасын.
Қиянатқа шыдамай, тартылыпты жас бұлақ,
Аманатын арқалап, жанып қалды қос шырақ.
Өксік түскен өзекке, сыр бұлақты жоғалтып,
Жыр бұлаққа сыр ашты, жетім бұлақ тамшылап.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі