Балапаным-ау
Бұл бетте «Балапаным-ау» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балақаным-ау,
Балапаным-ау,
Алайыншы өзіңді алақаныма-ау.
Қанаттарың қатайып, бекігенше,
Несібеңді қолымнан жалатамын-ау.
Балақыным-ау,
Балапаным-ау.
Тылсым күшті бойыма таратасың-ау.
Қара тасты балқытар бал қылықпен,
Қалғып кеткен сезімді оятасың-ау.
Балақаным-ау,
Балапаным-ау.
Бар пейілді еркіңе қаратасың-ау,
Маған сәби шағымды сағындырып,
Еркелеуді ерекше жаратасың-ау.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі