Дәрігерге өтініш
Бұл бетте «Дәрігерге өтініш» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен жатармын төсекте аласұрып,
Кәрі дүние қарайды баласынып.
Қаба сақал әкемнің қолындағы,
Намысымды осады қара шыбық.
Шырылдайды шыбын жан безек қағып,
Мүңкір-Нәңкір тұрғандай есеп алып.
Қызыл-жасыл дүние дөңгеленіп,
Тәнім қызып барады, өзек талып.
Балалық шақ бақытсыз сағы сынған,
Шайпау тағдыр жүрекке қағы тұнған.
Көз алдымда көлбеңдеп кезек-кезек,
Бар өмірім өтуде тағы сыннан.
Бұл жалғанға басында жылап келіп,
Ой маржанын жинадым құрап-теріп.
Түмен жырдың қара жер бетін бүркеп,
Жатпақшы ма, астына сұрақ көміп?
Ей, дәрігер, нәубетті жырақ қылып,
Алып таста кеселді бір-ақ сылып.
Іштегі шер қатпасын шемен болып,
Барыңды сал, өтінем жылап тұрып!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі