Көңіл
Бұл бетте «Көңіл» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарадан қалған хан-көңіл,
Тарқатып шерді басылар
Түнерген аспан – қамкөңіл,
Нөсер боп жауып, ашылар.
Көңіл бір хошын тапқанда,
Шабыттың буы қамшылар.
Көкжиек түндік жапқанда,
Жұлдыздар көкке шаншылар.
Ептілер жүрсе тақ қорып,
Мансаптың бағы ашылар.
Ақынның тұнған қақ болып,
Көзінде ыстық жасы бар.
Түлкідей заман түрленсе,
Қулықтың тіні бүр ашар.
Періште-сезім кірленсе,
Жүректің құлпын кім ашар?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі