Қыранға жасалған қиянат
Бұл бетте «Қыранға жасалған қиянат» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Асанбай Асқаровтың рухына)
Еңсені езген қапырық қолқаға қол сап тарылтты,
Мамырлап ұшқан ақша бұлт шүмекті аздап ағытшы…
Аспанның астын апыр-ай, қас-қағым сәтте жаулап ап,
Ғайыптан келген қара бұлт дүниені түгел жауыпты.
Жер менен көктің көбесін аяусыз сөгіп найзағай,
Мұздақ боп қатқан ақ жауын тоқтамай тұрып алғаны-ай.
Жалаңдап тілі әбжылан ұяға төніп тұрғанда,
Шарықтап ұшқан қыранның жартасқа келіп ұрғаны-ай.
Жайқалып қалған өлкенің мәуесін оған жиғызбай,
Қиянат-құйын килігіп үсікке бәрін ұрғызды-ай.
Қарайған көзі қанталап, шибөрілер анталап,
Дауылпаз құсты бас салды құлаған жерден тұрғызбай.
Жалған да жалған, жалған-ай,
Тағдырдың басқа салғаны-ай.
Екі көзі талып, төрт бөлып,
Шарасыз жасқа толғаны-ай.
Амал не, жерік болған соң, тұйғынның қасық қанына,
Қарық боп қалды абақты қыранның қайғы-зарына.
Тізеге салып армансыз тәкаппар басты ие алмай,
Тояттап жатты құзғындар тұмсығын қадап жанына.
Арман да арман, арман-ай,
Көп ойдың жерде қалғаны-ай.
Дәтке қуат екен ғой,
Арыңнан таза болғаны-ай.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі