Шуағын шашқан Шымқала

Бұл бетте «Шуағын шашқан Шымқала» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғасырларлы соңына тастап,
Қазағымның қаймағын сақтап,
Шығыстың күретамыр Шымқаласы
От жігерлі жастарды баптап,
Ел үмітін келеді ақтап.

Қайырмасы:

Қашалған тастан,
Тарихы дастан.
Құшағын ашқан,
Шуағын шашқан,
Күн қаласың – Шымқалам менің.
Мерейі тасқан,
Даңқың бар асқан,
Мақтанышым – Шымкентім менің.

Ұлылардың ұлағат кені,
Ұлысымның мұрағат жері,
Алаштың алтын бесік – Нұр қаласы
Ынтымақтың берік тірегі,
Бейбіт елдің соққан жүрегі.

Қайырмасы:

Бабалардың арманы болған,
Бақыт құсы бағына қонған,
Арайлы алқабымның жыр қаласы
Гүлсәруа гүлзарға тұнған,
Гүлістаным – жұлдызы жанған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері