Мені іздеңдер

Бұл бетте «Мені іздеңдер» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Төлеген Айбергеновтің рухына)

Мені іздеңдер, мені іздеп табыңдар,
Інжу болсам сыр сандыққа салыңдар.
Ең алдымен арман қуған жүрекке,
Жалынымнан ұшқын алып қалыңдар.
Мені іздеңдер қыранның жүрегінен,
Мені іздеңдер таулардың сілемінен.
Қара жерден көктеймін қара өлең боп,
Мені іздеңдер даланың реңінен.
Мені іздеңдер ақ қайың бүртігінен,
Мені іздеңдер мәжнүн тал кірпігінен.
Қара жерден буланып қайта жауам,
Мені іздеңдер ақ қардың күртігінен.
Мені іздеңдер, мені іздеп табыңдар,
Қазынамнан қажеттісін алыңдар.
Ауытқымай тұру үшін жер шары,
Маржан жырдан алқа тізіп тағыңдар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері