Қиялдан озған жарасым-көрік
Бұл бетте «Қиялдан озған жарасым-көрік» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиялдан озған жарасым-көрік,
Бойымда қанды тасытты керіп.
Жар салып ұшқан қарлығаш – құсым,
Мақтаныш сезім құйылды келіп.
Табиғат сыйлап періште сезім,
Беріпті саған құрыштай төзім.
Тоң жарып шыққан бәйшешек гүлім,
Көңіліме көктем әкелген өзің.
Ару боп туып қызындай үрдің,
Ары боп елдің, таңы боп күлдің.
Наурызда ескен керімсал самал,
Сананы желпіп, тұманды түрдің.
Ниеті ізгі, мінезі ерен,
Иманды жүзден парасат көрем.
Шапағат шашқан шамшырақ– қызым,
Өзіңе арнап, жырымды өрем.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі