Экспромт

Бұл бетте «Экспромт» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен мені менсінбейсің – көйлегің көк емес деп,
Мен сені мүсіркеймін – тәрбиең жөн емес деп.
Сен мені менсінбейсің – жегенің қазы емес деп,
Мен сені мүсіркеймін – ниетің таза емес деп.
Сен мені менсінбейсің – көргенің мәз емес деп,
Мен сені мүсіркеймін – көрерің аз емес деп.
Сен мені жебеген боласың,
Мен ештеңе сезбеген боламын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері