«Қара мысық»

Бұл бетте ««Қара мысық»» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қараниет – қара мысық, қара түн,
Адамзаттың алдын кесіп бағатын.
Енді ғана кемеліне келгенде,
Тағы бірдің қайырдың ба қанатын?
Сын сағатта байқап көріп шамасын,
Адалдыққа қара күйе жағатын.
Темірқанат бола берсе бір дарын,
Оған да бір жалаң дайын жабатын.
Қиянаттан жаны ләззат алатын,
Іштарлықтан бақыт іздеп табатын.
Жапалақ боп кетпес үшін қырандар,
Кесапатқа кісен бар ма салатын?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері