Достық әзіл

Бұл бетте «Достық әзіл» атты Ахат Кендебай жазған достық туралы өлең берілген.

(профессор Ә. Омбаевқа)

Сіз бастықсыз – түсімізге енетін,
Біз жастықпыз – қалай қойса көнетін.
Сіз қылышсыз – қыннан шықса кесетін,
Біз шыбықпыз – тыға салса өсетін.
Сіз ғалымсыз – тыңға арна салатын,
Біз ағынбыз – арна қуып ағатын.
Сіз үлгісіз – бағдаршамдай жанатын,
Біз ілгіміз – ауа райын бағатын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері