Азғындаған тоқшылық

Бұл бетте «Азғындаған тоқшылық» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Азғындаған тоқшылық – кекіретін сияқты,
Жанын сатып, тұғырға – бекінетін сияқты.
Шарасыздан жоқшылық – өкіретін сияқты,
Тәнін сатып, артынан – өкінетін сияқты.
Заһар тұнған құмыра – тесілетін сияқты,
Зұлымдықтың тамыры – кесілетін сияқты.
Жетім қалған бұл қоғам – жетілетін сияқты,
Ізгіліктен кешірім – өтінетін сияқты.
Шиеленген көп түйін – шешілетін сияқты...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері