Өлеңнің оты – найзағай

Бұл бетте «Өлеңнің оты – найзағай» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Тұманбай Молдағалиевке)

Жастықтың гүлзар бағында,
Ергенмін талай сағымға.
Қасқайып қарсы құлаштап,
Жүзгенмін талай ағынға.

Мән бермей соққан ызғарға,
Көз тіктім биік құздарға.
Өлеңмен сәлем жолданған,
Ұнатып қалған қыздарға.

Қаламға ұшы найзадай,
Түйрелді көңіл байқамай.
Жүрекке ұшқын тастаған,
Өлеңнің оты – найзағай.

Суытып қосқан құнандай,
Додаға кірдім сұранбай.
Киелі іске киліктім,
Батасын беріп Тұманбай.

2005 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері